BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

«Ешбір құны жоқ». Қазақстанда криптовалюта сатып алуға шектеу қойылуы мүмкін

Фото: insider.pro

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев цифрлық валюталардың дамуының қатерлі жақтары туралы айтты деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі LS басылымына сілтеме жасап.

Қазақстанның Ұлттық банкі елімізде криптовалюта саудасына шектеу қою мәселесін қарастырып жатыр. Банк басшысы Данияр Ақышев криптовалютаға ақша салудың қаншалықты қатерлі екенін айтты.

«Мұндай валюталарды сатып алмас бұрын жұртшылықтан әбден ойлануды сұраймыз. Рас, біз бұған тыйым сала алмаймыз. Әйтсе де үкіметке ұсыныстарымызды жібердік және олар қолдау тапты. Біз криптовалютаны теңгеге сатып алуды шектесек дейміз. Сонымен қатар сауданың осы түрін белсенді жарнамалап жүрген компаниялардың әрекетін де шектегіміз келеді. Әлбетте, біз бұл салаға ықпал ете алмаймыз. Алайда, қазақстандықтардың қауіпсіздігі үшін белгілі бір шаралар қабылдауымыз керек» деді Данияр Ақышев.

Ұлттық банк жетекшісі өзге елдерде де криптовалютаға айтарлықтай сенім жоқ екенін еске салды.

«Бұл тек менің позициям емес. Қаржы секторының және өзге орталық банктердің өкілдері де осындай позиция ұстанып отыр. Криптовалютаның ешқандай құны жоқ. Ол үшін ешкім мойнына жауапкершілік алмайды. Криптовалюта рыногын толықтай және тиімді реттеу мүмкін емес. Өйткені, криптовалюталар шекараға қарамайды. Ұлттық банктің бұл процесті реттейтін еш мүмкіндігі жоқ. Криптовалюта жекелеген елдердің заңдары аясынан тыс саудаланып жатыр. Мен өз азаматтарымызға бұл валютаға ақша салмауға кеңес берер едім. Өйткені, салынған инвестициялардың жоғалу қаупі тым жоғары. Криптовалютаға салған ақшаны сақтайтын еш кепілдік жоқ. Біз бұл нәрселерді түсінуге азаматтарымыздың сана-сезімі жетеді, олар жағдайды адекват бағалай алады деп сенеміз» деді Ақышев мырза.

Ұлттық банк басшысы криптовалюта рыногындағы ажиотаждың нәтижесінде олар жөнінде қаржылық жағдайды жақсартудың мүмкіндігі деген көзқарас пайда болғанын айтты.

«Алайда, оның тұрақсыз актив екенін өмірдің өзі көрсетіп отыр» деді Данияр Ақышев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер