BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Наурыз мерекесі қарсаңында теңге нығайды

Қазақстан қор биржасында есептесуі Т+0 және Т+1 теңгемен АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен еуро және АҚШ долларымен еуро бойынша, есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша таңертеңгілік сауда-саттық сессиясы аяқталды. Таңертеңгі сессиядан кейін доллар курсы 320,16 теңгеге дейін арзандады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Сауда-саттыққа KASE валюталық нарығының 24 мүшесі қатысты. Есептесуі T+1 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 320,16 теңгені (-0,44 теңге) құрады, ал сауда-саттық көлемі – 83 900 мың (+23 950 мың USD) болды.

Есептесуі T+1 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер болған жоқ.

Есептесуі Т+0 теңгемен еуро және АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер болған жоқ. Есептесуі Т+0 теңгемен қытай юанінің орташа сараланған бағамы бір юаньға 50,6450 (-0,0940 теңге) теңгені құрады, ұсыным – бір юаньға 500 мың юань.

Осы хабарламада аталған трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер