BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 338.78 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.82 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.35
Астана:

Мұнай бағасы үш апта бойы арзандап келеді

Мұнайдың әлемдік бағасы барреліне 75-76 долларға дейін арзандап кетті. Мамырда 80 доллардан қымбат болған, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі cursorinfo.co.il басылымына сілтеме жасап.

Бұған АҚШ-та мұнай қазу көлемі ұлғайғаны себеп болды. Бұл елде мұнай бұрғылау құрылғыларының саны 862-ге жетіп, 2015 жылдың наурызындағы максимумға жетті. Бұдан басқа, ОПЕК елдері де мұнай өндіру көлемін арттыруға дайын екенін хабарлады. Ресей де маусымда мұнай қазуды 1%-ке көбейтті.

Мұнай нарығында Венесуэладан және Ираннан келетін мұнай көлемі азайғаннан кейін тұрақсыздық туындады. Сауд Арабиясы Ресей секілді мұнай жеткізуді 1%-ке ұлғайтты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
19 Маусым 2018, 09:15
Мұнай бағасы қымбаттады
Пікірлер