BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Қай мемлекет Қазақстаннан көп мұнай сатып алды

2018 жылдың қаңтар айында Қазақстан 2,3 млрд долларға 4,9 млн тонна мұнай тасымалдады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

2017 жылдың қаңтар айымен салыстырсақ, бұл көрсеткіш 2% азайған. Ал ақшалай есеп бойынша экспорт 31,2% өсті.

Ең көп мұнай Италияға жөнелтілді. Аталған мемлекет 949,3 млн долларға 1,9 млн тонна қара алтын сатып алды.

Франция 282,3 млн долларға 578,6 мың тонна, Голландия 255 млн долларға 537,3 мың тонна, Корея 156,7 млн долларға 316,6 мың тонна мұнай сатып алды.

Сондай-ақ, Жапония бір айда 278,1 мың тонна, Үндістан 250,4 мың тонна, Румыния 245,6 мың тонна, Испания 196,6 мың тонна, Польша 184,8 мың тонна мұнай сатып алды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер