BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Қазақстанда 3 млн теңге жасанды банкнот анықталған 

Фото: интернеттен

2018 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында Қазақстанда 3,2 млн теңгеге 722 жасанды ақша белгісі жасалғаны анықталған. Осылайша, елімізде 711 купюра мен 11 тиын қолдан жасалған, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі LS порталына сілтеме жасап.

«Егер, өткен жылдың балама кезеңімен салыстырсақ, жасанды ақша белгілері 29% процентке төмендеген. 2017 жылдың І жартыжылдығында 1021 дана жасанды купюра анықталған. Ағымдағы жылы көбіне 2 мың теңгелік купюра қолдан жасалған – 383 дана. Одан соң 10 мың теңге – 163 дана немесе 22,4%, 1 мың теңге – 79 дана немесе 10,96%, қалған 13% басқа купюралардың еншісінде», - деді бақылау ведомствосында.

Ұлттық банк мәліметі бойынша, жасанды банкнота шығару бойынша Алматы бірінші орында тұр. Оңтүстік астанада 445 дана жасанды купюра анықталған. Екінші орында Астана екені анықталды. Бас қалада 91 жасанды банкнот шығарылған. Үшінші орынды Шығыс Қазақстан облысы 56 дана жасанды ақшамен тұйықтап отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер