BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 356.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.42
Астана:

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап газ 10% қымбаттайды

Қазақстанда 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап газ бағасы шамамен 10% қымбаттайды. Энергетика министрінің көгілдір отынның көтерме бағасын шектік деңгейге дейін көтеру туралы бұйрығы ресми түрде жарияланды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі kolesa.kz сайтына сілтеме жасап.

Құжатқа сәйкес, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 наурызға дейін көгілдір отынның бір тоннасы қосымша құн салығынсыз 38 701,67 теңге болады. Қазір Қазақстанда газ бағасы - ҚҚС-сыз 34 319 теңге. Яғни келесі жылы оның құны шамамен 10 % қымбаттайды. Демек, отандық автомобильді газбен толтыру бекеттері де 1 қаңтардан бастап көтерме бағаларын жоғарылатады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер