Ақышев туристер үшін қандай жағдайда сақтандыру құжатының жұмыс істейтінін түсіндірді - Қаржы|14 Маусым 2018, 12:09
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.71 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 411.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.38
Астана:

Ақышев туристер үшін қандай жағдайда сақтандыру құжатының жұмыс істейтінін түсіндірді

Фото: ERNUR.KZ

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында шетелге шығатын туристерді сақтандыру схемасын өзгерту көзделеді. Бұл туралы бүгін Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында баяндама жасаған кезде айтып берді,деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы атап өткендей, қазір туроператордың қателескені дәлелденсе ғана туроператордың жауапкершілігін сақтандырған кезде сақтандыру құжаты жұмыс істейді.

«Бірақ бұл жағдай сирек кездеседі. Турист, әдеттегідей, негізінен денсаулығына зиян келтірілуге байланысты өзінің проблемаларымен жалғыз қалады», - дейді ол.

Д. Ақышевтың айтуынша, заң жобасы схеманы өзгертуді көздейді.

«Туроператор жолдаманы сату кезінде туриске сақтандыру сертификатын беруге міндетті. Сақтандыру сертификатында шетелдегі медициналық қызметтер бойынша көмекті тәулік бойы ұйымдастыратын халықаралық компаниялардың деректері көрсетіледі. Шетелде сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру компаниясы медициналық қызметтерге ақы төлеу, шұғыл медициналық көмек және репатриациялау бойынша шығыстарды өтейді», - деп түсіндірді ол.

Қазақстан Ұлттық Банкі басшысының ақпараты бойынша, туроператор үшін сақтандыру құны жоғары болмайды - күніне 320-330 теңгеге жуық 3-16 млн теңгеге дейін шығындар сақтандырылады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер