BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Brent маркалы мұнайдың бағасы үшжылдық максимумды жаңартты

2014 жылдың желтоқсан айынан бері Brent маркалы мұнайдың бағасы алғаш рет 70 доллардан асты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі LS сайтына сілтеме жасап.

2018 жылдың он бірінен он екісіне қараған түні Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің бағасы 70,03 долларға жетті. Алайда араға аз уақыт салып бұл мұнай бағасы қайтадан 69 долларға түсті.

Астана уақытымен сағат 08:40 шамасында қара алтын 69,29 доллардан сатылды. Мұның себебі – АҚШ-та мұнай қорының таусылуы және күннің қатты суытуына байланысты мұнай өнімдерінің көптеп тұтынылуы.

Америкалық Минэнерго мәліметінше, 5 қаңтар күні мемлекеттегі мұнай қоры 4,95 млн баррельге дейін арзандаған. Бұл болжамнан 1 млн баррельге көп. Шикізат өнімі күніне 290 мың баррельге, ал тәулігіне 9,5 млн баррельге дейін азайды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер