BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Биыл пойызбен тасымалдаушыларға 52,6 млн теңге айыппұл салынды

ҚР ИДМ Көлік комитетінде 2018 жылдың өткен мерзімі бойынша жолаушылар пойыздарының Ұлттық стандартты және субсидиялау келісім-шарттарын ұстану тексерістерінің нәтижелерін қорытындылады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Комитет барлығы 8 тасымалдаушының 101 құрамын тексерді. Маршрутты дамыту шарттарын орындамау, ауа баптау жүйесі мен басқа да жабдықтардың ақаулары, вагондардағы санитарлық жағдайдың төмендігі, төсек жабдықтарының кір болуы сияқты жиі кездесетін кемшіліктер анықталған.

Компанияларға төленген субсидияларды қайтару бойынша 52,6 млн теңгеден астам сомаға санкция салынды.

Барлық тасымалдаушыға анықталған ескертулерді жою жөнінде нұсқау берілді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер