BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Биыл мемлекет меншігіндегі 265 нысан сатылымға шығарылады – Қаржы министрлігі

Фото: Бауыржан Жуасбаев

2018 жылы мемлекет меншігіндегі 265 нысан сатылады. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Алдымен министрдің орынбасары осы жылдың басында қанша нысан сатылғанын, мемлекетке қаншай пайда келгенін айтты.

«2018 жылдың 1 қаңтарында мемлекет меншігіндегі 463 нысанның 289-ы сатылымға шығарылды. Нәтижесінде 108 млрд теңгеге 190 нысан сатылды. Сонымен қатар 162 объектіні қайта құрып, жабу керек. Сондай-ақ маңызды нысандарды сату бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда 23 маңызды нысанның 11-і 61 млрд теңгеге сатылды. Ал 12 объектіні сату бойынша келіссөздер жүріп жатыр», - деді Берік Шолпанқұлов Қаржы министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Осы орайда ол биыл қанша мемлекеттік мекеме жекешелендіретінін жеткізді.

«2018 жылы жоспарға сәйкес 265 нысан сатылымға шығарылады. Сондай-ақ өткен жылдан қалған 90 нысан бойынша жұмыстарды аяқтау керек», - деді вице-министр.

Сонымен қатар Берік Шолпанқұлов квазимемлекеттік секторда туындаған мәселеге тоқталды.

«Қаржы министрлігімен бірігіп, квазимемлекеттік сектордағы орындарды жалға алу шығындарына талдау жүргізілді. Нәтижесінде мүлікті тиімсіз пайдалану және жалға берілетін орынның құнын жоғары көрсету деректері анықталды. Тиісті жұмыстардың қорытындысы бойынша квазимемлекеттік сектордағы мекемелердің жалға алатын орындарының көлемі азайтылды. Сондай-ақ жалға берілетін орынның 1 шаршы метрінің құны 34 мың теңгеге дейін қысқартылды», - деп түйіндеді сөзін ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер