Доллар бағамы 350 теңгеден асты - Қаржы|09 Тамыз 2018, 10:24
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.66 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.41
Астана:

Доллар бағамы 350 теңгеден асты

Ресей рублі рекордтық көрсеткішке құлдырағаннан кейін Қазақстандағы айырбастау пунктеріндегі доллар бағамы 350 теңгеден асты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Кurs.kz мәліметіне сәйкес, көптеген айырбастау пунктеріндегі ұлттық валюта бағамы 1 доллар үшін 351-351,5 теңге аралығында бекітіліп тұр.

Жалпы, 8 тамызда KASE-нің күндізгі сессиясының қорытындысы бойынша бір доллар 348,98 теңгені құрады. Ал, жақында Мәскеу биржасында доллар мен еуро бағамы шарықтады, 65 рубльді және 75 рубльді сәйкесінше құрады.

«Ертеңге» есептелген доллар бағамы мәскеулік уақыт бойынша сәрсенбіде сағат 15.57шамасында доллар 1,4 рубльге қымбаттап, 64,89 рубльді құрады. Еуро болса 1,52 рубльге қымбаттап, 75,17 рубльді құрады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер