BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

АХҚО мен сингапурлық MAS қаржы технологиясындағы инновацияларды дамытуға келісті

Астана, BAQ.KZ. Сингапурдың ақша-қаржы басқармасы (бұдан әрі - MAS), АХҚО қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – AFSA) және АХҚО Сингапур мен Қазақстан арасында ФинТех саласында ынтымақтастықты дамыту жөнінде үш жақты Келісімге қол қойды.

Келісімге AFSA-ның бас директор қызметін атқарушысы Мұхтар Бөбеев, «Астана» халықаралық қаржы орталығы әкімшілігі» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Құсайынов және MAS ФинТех бойынша басқарушы директоры Сопненду Моханти қол қойды.

«ФинТех АХҚО-ның негізгі салаларының бірі болып табылады, осыған орай, келісімшартқа қол қоя отырып, біз осы салада халықаралық ынтымақтастығымыздың кеңейгенін қолдаймыз. Бұл келісім екі заң жүйесінің ФинТех саласындағы жалпыға ортақ инновациялар жөнінде ақпарат алмасуды нығайтатыны сөзсіз», - деді Н. Құсайынов.

Бұл Келісім AFSA, АХҚО және MAS тараптарының ФинТех саласындағы инновациялық жобаларға қатысып, өз қызметтерінің аясында инновациялық жобаларды дамытуларына мүмкіндік туғызады.

«MAS-пен осы келісімге қол қойғанымызға ризамыз. Бұл ынтымақтастықты кеңейтіп, ФинТех қызметі саласында инновациялардың дамуына өз үлесін қосады. Біздің ойымызша, келісім екі елдің инновациялық компанияларына жаңа мүмкіндіктерге жетуге жол ашады», - деді Мұхтар Бөбеев.

Ал MAS ФинТех бойынша басқарушы директоры Сопненду Моханти келісімнің маңыздылығын атап өтті.

«Келісім Сингапур мен Қазақстанның арасындағы ФинТех ынтымақтасығының экожүйесін дамытады. Бұл келісім екі елдің ФинТех саласында қызмет атқаратын компанияларының ынтымақтасуына, бірігіп жаңа мүмкіндіктерді пайдалануына және жалпы ФинТех саласының дамуына өз үлесін қосады» - деді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Желтоқсан 2018, 10:10
Мұхтар ШЕРІМ. МЕН ӘЛІ ҚЫЗБЫН...
Пікірлер