BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

270 мың азаматтық қызметшінің еңбекақысы көтеріледі

Фото: matritca.kz

270 мыңға жуық азаматтық қызметшінің лауазымдық еңбекақысы көтеріледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 42 500 теңге болады деп есептеп отырмыз. Мемлекет басшысының тапсырмасымен 275 мың азаматтық қызметшінің еңбекақысы өсетін болады. Бұл немен байланысты? Бүгінгі таңда елімізде 1 млн 200 азаматтық қызметші бар. Оларға бірінші, төртінші топтағы жұмысшылар, орта білімді мамандар мен еңбек қызметінде аздаған тәжірибесі барлар кіреді. Біз олардың қанша екенін санағанымызда, шамамен 275 мың адамда лауазымдық еңбекақысының өсуіне құқығы бар. Бұл үшін мемлекеттік бюджеттен барлық бюджеттік ұйымдардың еңбекақысын көтеруге бағытталған қаржыдан қарастырылып отыр», - деді министр Үкімет отырысынан кейін кулуарда.

Оның айтуынша, азаматтық қызметшілердің лауазымдық еңбекақысы көтеріп қана қоймай, оларға әртүрлі үстемақылар берілетін болады.

«Өсім әртүрлі санат бойынша, біреуде 19%, енді біреуде 50% және одан жоғары болуы мүмкін. Орташа есеппен 35%-ға көтеріледі. Олардың ең төменгі жалақысы өскендіктен соған сай еңбекке төленетін ақы да артатын болады. Еңбек кодексіне сай еңбекақы сомасы ең төменгі жалақыдан аз болмауы тиіс», - деді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер