BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

2018 жылы қазақстандықтар 3,9 трлн теңгені қолма-қол алды

2018 жылдың қаңтар-сәуір айларында ҚР территориясында қолма-қол 3,9 трлн теңге берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 27% көп. Ал транзакция саны 15,2% өсіп, 82,9 миллион болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақшаның 84,8%-ы банкомат арқылы алынды. Жалпы 3,3 трлн теңге алынып, бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 28,7% өсті. Қалған 15,2% ақша немесе 592,1 млрд теңге POS-терминалдар арқылы алынды. Аталған көрсеткіш бір жылда 18,2% өсіп отыр.

Картадан қолма-қол ақша алу бойынша ҚР бойынша Алматы облысы бірінші орында тұр. Бұл облыстың ҚР-дан үлесі 37,9% болып, 174,9 млрд теңгеге дейін өсті. ҚР-дағы үлесі 4,1%-тен 4,5%-ке дейін өсіп отыр. Бұдан кейінгі орында 35,1%-пен ОҚО тұр. Аталған облыста картадан 345,4 млрд теңге алынған. Ал ҚР-дағы үлесі 8,3%-тен 8,8%-ке өсті.

Көшбасшылар үштігін 31,5%-пен Қызылорда облысы бекітті. Аталған аймақта 119,2 млрд теңге картадан қолма-қол алынған. ҚР-дағы үлесі 2,9%-тен 3,1%-ке дейін өсті.

Жалпы Қазақстан бойынша 16 аймақта қолма-қол алынған ақша сомасы артқан.

Транзакцияның жылдық өсімі бойынша осы облыстар алда келеді. Алматы облысындағы транзакция 21,9%-ті құрап, 3,8 миллионға дейін өсті. ҚР-дағы үлесі 4,3%-тен 4,6%-ке дейін өсті.

ОҚО-да транзакция саны бір жылда 19,6% өсіп, 7,2 миллионды құрады. ҚР-дағы үлесі 8,3%-тен 8,6%-ке дейін өсті.

Қызылорда облысында транзакция 18,5% өсіп, 2,5 миллионды құрады. ҚР-дағы үлесі 3%-тен 3,1%-ке дейін артты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер