BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.39 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.53
Астана:

Түркістан облысында жаңа күн электр станциясы салынбақ

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Түркістан облысында күн электр станциясы салынады. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Бүгін Қазақстан мен Корея арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға арналған форум ұйымдастырылды. Шара барысында Түркістан облысы Бәйдібек ауданында күн электр станциясын салу туралы келісімге қол қойылды.

Нысанның құрылысы 10 айда аяқталады деп жоспарланып отыр. Жобаның құны – 15 млн доллар.

Сондай-ақ өңірде шағын жел электр станцияларына арналған құрылғыларды өндіретін зауыт салу жоспарда бар. Аталған нысандардың құрылысын толығымен оңтүстіккореялық инвесторлар қаржыландырады.

«Өткен жылы Астанада халықаралық ЕХРО көрмесінің өткенін білеміз. Сондықтан Қазақстанда баламалы қуат көздеріне ерекше мән берілетіні белгілі. Мұнда осы сала бойынша бірқатар жобаны жүзеге асыруға болады. Ол үшін жақсы жағдай жасалған. Корея технологиясы мен Қазақстанның мүмкіндігін қосқанда, сапалы тауар өндіруге мүмкіндік бар», - деді оңтүстіккореялық компания президенті Джон Енг Сун.

Ал Түркістан облысы Бәйдібек ауданының әкімі Бақытбек Танагөзов ауданда салынатын нысанның қанша мегават электр өндіретінін айтты.

«Салынатын күн электр станциясы 10 мегават болады. Болашақта оның көлемін ұлғайу қаралады. Энергияны Түркістан облысының аймақтары тұтынады», - деді ауданы әкімі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер