BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Түркістан облысында 4,1 млрд теңгеге үш жоба іске асырылады 

Түркістан, BAQ.KZ. 2019 жылы Түркістан облысында 4,1 млрд теңгеге үш ірі жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл жөнінде аймақтағы Келес ауданының әкімі Әкімтай Есбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, ең ірі жоба қарқынды бау-бақша шаруашылығы бойынша - ол 3 млрд теңгеге жобаланып отыр. Оның көлемі 400 га. Екінші жоба жаңғақ өсіруді қарастыратын "Оңтүстік Агропродакшн" деп аталады. 1 млрд теңгеге қарастырылған бұл жобаның аумағы 310 га құрайды. Сонымен қатар, 100 млн теңге балықты қайта өңдеу бойынша өндіріске бағытталады.

Есбаев атап өткендей, индустриаландырудың өңірлік картасы аясында аймақта бұған дейін 592,1 млрд теңгеге тоғыз жоба жүзеге асырылған.

Сонымен қатар,Түркістан облысында 507 млрд теңгеге инвестжобалар іске асырылып жатыр. Бұл сомаға барлығы 19 өндірісті іске қосу жоспарлануда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер