USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Транспорт саласы - еліміздің экономикалық дамуының маңызды қозғалтқышы - ИДМ (инфографика)

ҚР ИДМ біраздан бері еліміздегі индустрияландыру бойынша арнайы инфографикалар жариялай бастаған болатын. Осыдан біраз бұрынинвестицияға қатысты инфографика жариялаған. Одан бөлек еліміздегі жеңіл өнеркәсіптің барлық саласында ілгерлеуі туралы да арнайы инфографиканы таныстырған еді. Бүгін Қазақстандағы транспорт саласына қатысты инфографикамен бөлісті, дейді BAQ.kz тілшісі.

Инфографиканы арнайы жариялаған министр Жеңіс Қасымбек еліміздегі транспорт саласының дамуына айрықша тоқталыпты.

"Транспорт саласы Қазақстанның экономикалық дамуының маңызды қозғалтқышына айналды. Халықаралық мамандардың айтуынша, транспорт саласының дамуы ішкі жалпы өнім көлемінің артуына мүмкіндік жасайды.
Жолдардың реттелуі, халықаралық дәліздердің ашылуы автокөлік тасымалына қолайлы жағдай туғызады. Сондай-ақ, Қазақстанның жүк айналымын қалыптастыруда, жолаушылар тасымалын күшейтуде теміржол тасымалы үлкен рөл атқарады. 2016 жылдың алғашқы 8 айындағы көрсеткіш бойынша елімізде 15,8 млн. жолаушы теміржол көлігін пайдаланған екен. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш едәуір өсуі тиіс.
Су көлігі тасымалы - әлем бойынша жүк тасымалының ең тиімді әрі кең тараған тәсілі. Бұл сала бізде де айтарлықтай дамып, Ақтау порты арқылы теңіз көлігімен жүк тасу жұмыстары жалғасып келеді.
Назарларыңызға теміржол, автокөлік және су көлігі тасымалындағы көрсеткіштерді ұсынып отырмыз" - дейді Инвестициялар және даму министрі.

Сонымен қатар министр алдағы уақытта министрліктің басқа да салаларында атқарылып жатқан жұмыстарын қысқа әрі жүйелі түрде көрсету мақсатында осындай инфографикаларды өз парақшасында жариялап тұруды дәртүрге айналдыратынын айтқан.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады