USD 334.48 EUR 355.62 RUB 5.25
Астана:

ШҚО-да инвесторларға арналған интернет-порталы іске қосылды

Шығыс Қазақстан облысында аймақтың дамуына қосымша қаражат тарту мақсатында invest.e-vko.kz инвестициялық порталы іске қосылды. Сайтта аймаққа инвестиция салғысы келетін кәсіпкерлер үшін облыстағы мүмкіндіктер мен ресурстар, болашағы зор деген салалар көрсетілген, деп хабарлайды Baq.kz.

ШҚО ақпараттық орталығының дерегінше, ақпараттық ресурста инвесторларға қолайлы болу үшін Шығыс Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері арнайы бөлімдерде көрсетілген. «Аймақ туралы» деген тарауда облыстың маңызды әрі бәсекеге қабілетті экономикалық салалар, ал «Инвесторға көмек» тарауында инвесторларды қолдау шаралары, оларға тиесілі жеңілдіктер туралы ақпарат берілген. Сонымен қатар, ақпараттық сайтта облыстың инвестициялық картасымен және индустриалды аймақтарымен танысуға болады.

Инвесторлар мен кәсіпкерлерге ең қажет ақпарат «Инвестжобалар» тарауында берілген. Онда ондаған жоба бойынша қаржылық есептер, байланыс мәліметтері берілген.

Сонымен қатар, инвестициялық портал ШҚО-да 20-21 қазан күндері өтетін «Алтай Invest-2016» халықаралық инвестициялық форумның жаңалықтарымен толықтырылады. Айта кетсек, Форумның өзінің altaiinvestforum.kz деген жеке сайты бар.

Сайттағы барлық ақпараттар қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде берілген. Порталдың мобильді нұсқасы мен Android, IOS және Windows-қа арналған қосымшалары да бар.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады