Бейжіңде қазақстандық компаниялар көлік құрастыру бойынша бірқатар келісім жасасты - Индустрияландыру|11 Маусым 2018, 17:00
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Бейжіңде қазақстандық компаниялар көлік құрастыру бойынша бірқатар келісім жасасты

Бүгін Бейжіңде Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесі отырысында «Kazakh Invest» қатысуымен көлік құрастыру саласын дамытуға қатысты бірқатар келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Қазақстанда автомобиль өндірісі саласын дамыту» жобасы аясында «Аллюр компания топтары», «China National Machinery Import and Export Co.» компаниясы және «Бәйтерек» холдингімен жол картасы жасалды. Аталған жоба Қостанай облысында іске асырылмақ. Сондай-ақ, осы жоба аясында 1,1 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестициямен толыққанды автомобиль кластерін (автобустар, жүк көліктері және электромобильдер) жасау көзделіп отыр.

Мұнымен қатар, бүгін Қазақстанда трактор құрастыру саласы бойынша «Агромашхолдинг KZ» және «YTO» компанияларымен меморандумға қол қойылды.

«YTO» Қытай трактор техникасын жасап шығаратын ірі өндіруші. Ары қарай біз жобаны жүзеге асыру бойынша жол картасына қол қоюды жоспарлап отырмыз. Осы жылдың өзінде біз сынақ шараларын өткізуді бастаймыз», - дейді «Агромашхолдинг KZ» директорлар кеңесі төрағасы Ким Дин.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Пекинде жалпы құны 13 млрд доллар болатын экономикалық сипаттағы 40 құжатқа қол қойылды. Олардың 15-і «Kazakh Invest» компаниясының қатысуымен. Осы келісімдерге сәйкес, Қазақстан территориясында көлік құрастыру, биотехнология салаларында жаңа жоғары технологиялық өнімдерді жасап шығару көзделуде.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер