BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 339.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.64 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.3
Астана:

Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі жыл басынан бері 5,6% өсті

Фото: Kursiv.kz

2018 жылдың қаңтар-ақпан айларын 2017 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,6% өсті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агеттігі LS сайтына сілтеме жасап.

Есептік кезеңде кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда өндіріс 5,5% өсті. Шикі мұнайды өндіру 7,2% және табиғи газды өндіру 7,3% ұлғайды.

Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс 6,1% өсті. Азық-түлік тауарларының өндірісі 6,2%, сусындарды өндіру 10,7%, резеңке және пластмасса өнімдері 8,5%, химия өнімдері 14,2%, фармацевтика 9,8% , металлургия өнеркәсібі 6% және машина жасау 8,8% ұлғайғаны байқалады.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда өндірістің өсуі 5,7%, сумен жабдықтау, канализация, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылау - 97,8% құрады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер