Қазақстанда жүгеріден желім әзірлейтін болады  - Индустрияландыру|08 Тамыз 2018, 21:16
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.66 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.41
Астана:

Қазақстанда жүгеріден желім әзірлейтін болады 

Қостанай облысында бидай мен жүгеріден пластмасса және нейлон дайындайтын зауыт салады, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі LS порталына сілтеме жасап.

Аймақтық инвестициялар басқармасында хабарлғандай, жоба құны 2,5 млрд долларды құрайтын болады. Қытайлық Cathay Industrial Biotech Ltd компания инвестор болып табылады.

Жылына 2,5 млн тонна бидай мен жүгері өңдейтін зауыт 500 мың тонна нейлон мен пластмасса ғана емес, желімдер, хош иістендіргіштер, жақпа заттар және ұнтақты жабындар шығара алады. Жобаны сәтті жүзеге асыру үшін газ, бидай және тұрақты технологиялар қажет.

«Қажетті газ көлемі 1 млрд текше метрді құрайды. Ол үшін Бұхара – Орал газ құбыры қолданылуы мүмкін. Аталған газ желісі шамамен 3,5 млрд т.м. газ жеткізе алады. Бірақ, қазір жүктелімі 20-25% құрайды. Газ өткізуді 1 млрд т.м. дейіңн ұлғайту мүмкіндігі бар. Алайда, «ҚазТрансГаз» компаниясынан техникалық талаптарды алу қажет», - деді басқармада.

Ведомство мәліметінше, заңды тұлғалар үшін 1 т.м. газ бағасы 30,8 теңгені құрайды. Сонымен қатар, зауытқа 20 млн т.м. су қажет болады. Облыстағы жиынтықты бос сыйымдылық 199 млн т.м. құрайды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер