BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Қазақстанда электр өндірісіндегі жаңартылатын энергия көздерінің мөлшері - 1 пайыз

Бүгінгі таңда Қазақстанда электр энергиясын өндіру көлемінде жаңартылатын энергия көздерінің мөлшері 1 пайызды құрайды. Бұл туралы "Kegog" АҚ Басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

"Бүгінгі таңда электр энергиясын өндіру көлемінде жаңартылатын энергия көздерінің мөлшері 1 пайызды құрайды. Бұл ретте, индикаторларға сəйкес, аталған көрсеткішті 2020 жылға қарай 3 пайызға жеткізуді көздеп отырмыз. Қазақстанда техникалық проблемалар бар екенін айта кету керек. Жаңартылатын энергия көздерінің ортақ желіге тартылу көлемін арттыру үшін бұл проблемаларды шешу қажет. Бұл үшін барлық жағдай жасау керек. Сондай-ақ, жаңа технологиялардың пайдаланылу, қуатты ұлғайту мүмкіндіктерін ескеру қажет", - деді Б.Қажиев.

"Kegog" АҚ басшысының айтуынша, Қазақстанның оңтүстік аумағында гидроэлектр стансаларды дамыту үшін əлеует зор. Қазіргі таңда шағын гидроэлектр стансалары қарайтын жаңартылатын энергия көздерін қолдау аясында конкурс пен аукциондар өткізілмек.

"Біздің ойымызша, бірінші кезекте энергия жүйесінің тұрақтылығына жағымсыз əсер етпейтін, жаңартылатын энергия көздері (күн, жел) жұмысының негативті сипатын бейтараптандыратын гидроэлектр стансаларын көбірек қолдау керек", - деп түйіндеді Бақытжан Қажиев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер