BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.39 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.53
Астана:

Индустрияландыру күні туралы видео жарияланды

Фото: Бауыржан Жуасбаев

ҚР Премьер-министрінің ресми сайты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Индустрияландыру күнін өткізу қорытындысына байланысты видеодайджест жариялады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев өнімдер мен қызметтердің сапасы, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жоғары тиімді басқару әдістерін енгізу бойынша елеулі нәтижелерге қол жеткізгені үшін «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» номинациясында ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын табыстады.

Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев бизнестің әлеуметтік жауапкерлікке байланысты берілетін «Парыз» сыйлығының жеңімпаздарына алтын мүсіндерді берді.

Марапаттау рәсіміне Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Премьер-министрінің орынбасарлары, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың басшылары, депутаттар, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың басшылары, байқау лауреаттары қатысты.

Салтанатты рәсім барысында «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының, «Іскер» арнайы сыйлығының және «Ұлы дала елі» «қолшатыр» брендін пайдалануға құқық беру байқауының лауреаттары да марапатталды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер