BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Елімізде АЭА-ның жұмысы жандандырылмақ

Астана, BAQ.KZ Мәжілістің бірінші оқылымында «Арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар туралы» заң жобасы мақұлданды.

Аталған құжат арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) мен индустриалды аймақтар саласындағы заңнаманы жетілдіріп, олардың қызметін жандандыруды көздейді.

Осы орайда Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек заң жобасындағы негізгі реформаларға тоқталды.

«Оларға экономикалық аймақтар мен индустриалды аймақ қатысушыларына жер учаскілерін ұсынудың жаңа механизмін ұсыну; индустриалды аймақ қызметін құқықтық жағынан реттеу; қызметтің басым түрлерінің тізіміне қосымша қызмет түрлерін енгізу тәртібін қайта қарау; арнайы экономикалық аймақ пен индустриалды аймақтарды бақсарушы компаниялардың қызметін қаржыландыру мәселелері; басқарушы компаниялар мен мақсатты индикаторлардан тұратын даму стратегиясын әзірлеу талаптары жатады», - деді ол.

Сонымен қатар ведомство басшысы аталған заң жобасы арқылы жер учаскілерін беру тәртібін жеңілдету көзделетінін атап өтті.

«Басқарушы компаниялардан арнайы экономикалық аймақтар мен индустриалды аймақ қатысушыларына жер учаскілерін ұсынудың жаңа механизмі енгізіледі. Қазіргі таңда заңнама нормаларына сәйкес жер учаскісін алу процесі өте ұзақ күрделі. Оған шамамен 6-9 ай уақыт кетеді. Салдарынан жобаларды іске қосу мерзімі созылады. Инвесторлар да уақыт жоғалтады. Соңынан материалдық шығынға ұшырайды. Осыған байланысты заң жобасы қатысушылардың қысқа мерзімде және жеңіл процедуралар арқылы жер учаскілерін алу тәртібін жеңілдету көзделеді», - деді министр.

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, арнайы экономикалық аймағы құрылатын мемлекет меншігіндегі жер учаскілері Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес басқарушы компанияларға қайтарымды негізде уақытша пайдалануға беріледі. Өз кезегінде басқарушы компаниялар бұл жер учаскілерін өздері сегменттеп, арнайы экономикалық аймаққа қатысушыларына ұсынады.

Сондай-ақ министр арнайы экономикалық аймақтар мен индустриалды аймақтарда рұқсат етілген қызмет түрлерін анықтау тәртібі қайта қаралатынын жеткізді.

«Заң жобасы аясында арнайы экономикалық аймақтардың ерекше құқықтық режимі басым қызмет түрлерінің тізбесін әзірлеу мен бекітуде уәкілетті органның құзыреті кеңейтіледі. Сонымен қатар бұл тізімдер арқылы арнайы комиссия арқылы жүзеге асырылады. Оның құрамына мүдделі мемлекеттік органдар кіреді», - деді Жеңіс Қасымбек.

Сөз соңында ведомство басшысы аталған құжатпен АЭА басқару органдарын қаржыландыру, басқару органдарымен АЭА-ны дамыту стратегиясын әзірлеу талаптарын қайта қарау, әрі индустриалдық аймақтардың қызметі реттелетінін мәлім етті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер