BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 414.71 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.53
Астана:

Елімізде 243 компанияны біріктіретін өңдеуші өнеркәсіп одағы құрылды

Фото: Atameken Business Channel

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде жаңадан құрылған «Өңдеуші өнеркәсіп одағы» туралы баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Өңдеуші өнеркәсіп одағы» заңды тұлғалар бірлестігі Қазақстанның өңдеуші өнеркәсіптерімен тікелей немесе жанама байланыста салалық қауымдастықтардың және кәсіпорындардың ерікті бірлестігі ретінде құрылған.

«Біздің мақсатымыз - ішкі нарықты рационалды қорғау және экспортқа шығу арналарын дамыту және оларды қолдау арқылы нарыққа шығуды қамтамасыз ету. Сонымен қатар, мамандандырылған инфрақұрылымға қол жеткізу, технологиялар трансфері арқылы өндіріс факторларына қолжетімділікті қамту. Олардың қаржылық қолжетімділігін және әкімшілік реттеу тәуекелдерін азайту біздің миссиямызбен байланысты», - деді Одақ төрағасы Марат Баққұлов.

Оның айтуынша, «Өңдеуші өнеркәсіптік одақ» құрамына 20 500 адамды тұрақты жұмыс орындарымен қамтып отырған 243 компания, Атамекен ҰКП 6 салалық бірлестігі тіркелген. Оның ішінде машина жасау кәсіпорындары, химия және жеңіл өнеркәсіптер, фармацевтика, лифт, жиһаз жасау, целлюлоза-қағаз және орау өнеркәсібі салаларында әртүрлі жоғарғы технологиялық өнімдерді шығарумен айналысатын компаниялар бар.

«Ел экономикасының өңдеу саласы мақсаттарын дамытуға ықпал ететін заң шығарушылық бастамашылдыққа қатысу үшін Одақ өз қызметін жүзеге асыруда еліміздің басты министрліктерінде және ведомстволарында, сондай-ақ, «Атамекен» ҰКП тіркелуге ниетті. Бұл мәселеде «Атамекен» ҰКП біздің басты және стратегиялық әріптесіміз, біз алға қойған мақсаттарға жету үшін нәтижелі бірлескен қызметке сенім артамыз», - деді Марат Баққұлов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер