BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.39 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.53
Астана:

Депутат «Қызылорда-Жезқазған» автожолының сапасына шүйлікті 

«Нұр Отан» фракциясының мүшесі, Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских «Қызылорда-Жезқазған» арасындағы жолдың сапасы туралы мәселе көтерді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«25 тамыз күні Қызылорда қаласынан Астанаға жеке автокөлігіммен келген болатынмын. Ара қашықтық – 1164 км. Қызылордадан Жезқазғанға дейін 420 шақырымды 8 сағатта басып өттім. Неге десеңіздер, оның 220 шақырымы апаттық тұрғыдан өте күрделі. Машина жылдамдығын 40-50 км/сағ асыра алмайды. Жол бойында бұзылып жатқан 4-5 машинаны көзіммен көрдім. Осы жолға үлкен назар аударғанымыз дұрыс деп білемін. Жүргізушілер өте үлкен зардап шегіп жатыр», - деді ол.

Ол сайлаушылармен кездесуде жол мәселесі қозғала қалса Қызылорда-Жезқазған желісі қашан күрделі жөндеуден өтетінін сұрайтынын айтты.

«Том Харди түскен «Ессіз Макс: Қаһарлы жол» деген фильмді көрдіңіздер ме? Осы фильмді көрген соң «Қызылорда-Жезқазған» жолымен жүруге болады. «Мерседесіммен» бұл жолды 40 км/сағ жылдамдықпен сегіз сағат жүріп өттім. Автобанмен есептесек мұндай жолда төрт сағатта жүріп өтесің. Астанаға келген соң машинамның қозғалғыш бөлігін толығымен ауыстыруым керек болды. Жәй жүрсем де, жол сапасы осындай жағдайға жеткізді. Жақында Үкімет сағатында жол мәселесі көтерілді. 2020 жылы жөндеуді бастаймыз деді. Иә, жол жөндеуді қажет етеді, себебі автокөліктер ағыны өте жоғары», - деді ол.

Оның айтуынша, Мерке-Бурылтай жол желісі де күрделі жөндеуді талап етеді.

«Бұл жол желісінде «адам шошырлық» жағдай, YouTube-тан көрсеңіздер болады. Көптеген халық қатынап жатыр. Халықтың жағдайы бізге өте маңызды, ал енді халықтан шыққаннан кейін үнсіздікпен жауап беруге міндетті емеспіз. Осы апаттық жолдарға көшпелі отырыс жасасақ бұл мәселе түзеледі деген ойдамын», - деп сөзін түйіндеді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер