BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Депутат Қазақстандағы жолдардың сапасыз болу себебін түсіндірді 

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бейбіт Мамраев Қазақстанда неліктен сапасыз жолдар салынатынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Неліктен жолдар сапасыз?» деген сұраққа жауап ала алмадым. Меніңше, бұл жолды салатын адамдарға қатысты. Заң негізінде нормативті актілер жасаймыз да соңынан олардың артына тығыламыз. (...) Министрлік жол құрылысы технологиясының бұзылуына назар аударуы қажет. Жолдар жарылып жатыр. Бізде қарапайым сол күрекпен, сол зілбалғамен жұмыс істейтін адамдар жетіспейді. Мердігерлікті бас мердігер жеңіп алады, содан соң ол қосалқы мердігерді табады, қосалқы мердігер тағы бір қосалқы мердігерді, соңында бөлінген қаражат жан-жаққа бытырайды. Ал істі соңына дейін жеткізетін мердігерлер көп емес», - деп айтты ол.

Мамраев мемлекеттік органдардың «мердігер үш жылға кепілдік беретінін, жол сапасыз болса өз қаржысымен қайта жасауы тиіс» деген жауабын тыңдаудан шаршағанын айтты.

«Кешіріңіз, егер базасы, мүмкіндігі болмаса, ол мұны қалай жасайды? (...) Жұмыс жөнге салынбаған, координация жоқ. Мемлекеттік органдар арасында координация жоқтығынан өмір бойы бір-бірімізді қадағалаумен өтетін шығармыз», - деді депутат.

Ол нәтижелі жұмыс істеу үшін заңның да, мемлекеттік бағдарламалардың да барын, алайда нақты әрекеттің жоғын атап өтті.

«Сіздердің әрекеттеріңізді түсінейін десек, кешіріңіздер, ақталып шығасыздар. Сұрай қалсам оған да стандартты жауап алатыныма сенімдімін. Жолға төсейтін тастың сапасы деген секілді ұсақ-түйекті қозғамаймын. Инспекция нәтиже болғанда ғана қадағалап, мердігердің салған жолын сындырып, одан басқа деңгейде қайта салуды талап етеді. Бұл мәселе салық төлейтін әр азаматтың аузында жүр. Біз де салық төлейміз», - деді ол.

Депутат сөз соңында жолдарға артық салмақ түсіретін ауыр жүк көліктерін елге кіргізуге тыйым салуды ұсынды.

«Жолдар ауыр жүк көлектерін көтермейді. Сол үшін де осындай көліктерді елімізге әкелуге тыйым салу керек. Рөлі оң жақтағы автокөліктерді әкелуге тыйым салдық, одан біреудің бір жері қисайған жоқ. Әрдайым шешім табылады», - деді Мамраев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер