BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.37 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Астана-Душанбе жаңа рейсі ашылады

Астана, BAQ.KZ. 2018 жылдың 14 желтоқсанынан бастап, қазақстандық SCAT әуе компаниясы Астанадан Тәжікстан астанасы Душанбеге жаңа рейс ашуды жоспарлап отыр.

Бұл – екі елдің авиациялық билік органдарының және SCAT әуе компаниясының сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияларының және екіжақты келіссөздер аясында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде мүмкін болды. Жаңа рейстің ашылуы Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тату көршілік қатынастарды дамытуға елеулі үлес қосатын болады.

Астана - Душанбе - Астана бағыты бойынша рейстераптасына екі рет, жұма және жексенбі күндері CRJ-200 типті ұшақпен орындалады. Осы бағыттағы әуе билеттерінің сатылымы басталды. Билеттерді SCAT әуе компаниясының веб-сайтынан немесе әуе билеттерін сату агенттіктерінен сатып алуға болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер