BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Астанада жаңа дипломатиялық қалашық салынады

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада жаңа дипломатиялық қалашық салынатынын айтты.

"Біз жақсы жағдай жасап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін биыл елшілерімізге арнайы дипломатиялық қалашық сала бастадық. Мен ол келесі жылы аяқталады деп ойлаймын. Астананың жақсы жерінде орналасқан. Бұл бізде жұмыс істейтін дипломаттарға көрсетілген құрмет белгісі", - деді Назарбаев шетелдік дипломатиялық өкілдік басшыларымен кездесуде.

Елбасы барлық дипломаттардың жұмысы балаларымыз бен немерелеріміздің қолайлы əлемде, қолайлы жағдайда өмір сүруіне бағытталғанын айтты.

"Сондықтан мен сіздердің Қазақстандағы жұмыстарыңызды аса маңызды деп есептеймін. Мен сіздерге Қазақстанның өздеріңіз өкілі боп отырған елдермен қатынасын нығайту үшін жұмыс істеп жатқандарыңызға тағы бір мәрте алғыс айтамын. Біз сіздерді құрметтейміз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізде тіркелген шетелдік дипломатиялық өкілдік басшыларымен кездескені туралы жазғанбыз. Жиын барысында Назарбаев Қазақстан еуразиялық көлік-транзит хабының негізгі торабы саналатынын, көрші елдер арасында сенімнің артқанын айтқан болатын. Сонымен қатар Елбасы Қазақстанның АҚШ, Қытай және Ресеймен қарым-қатынасы жайлы баяндаған еді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер