USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

Арнайы зертханалық база мен ақпараттық-сараптамалық жүйе құрылады - ИДМ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалды реформасын жүзеге асыру аясында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 75-қадамын орындау көзделген. Бұл қадамда «Пайдалы қазбалардың барлық түрлері үшін үздік әлемдік тәжірибені пайдалана отырып, келісімдер жасасудың оңтайландырылған әдісін енгізу» мәселесі баса айтылған, дейді BAQ.kz тілшісі.

"Бұл тұрғыда «Қазгеология» Ұлттық геологиялық барлау компаниясының базасында заманауи геохимиялық зертхана құру жұмысы жүріп жатыр. Бұл жұмыстың нәтижесінде шетелдік инвесторлар мен әлемдік қаржы институттарының сенімі артатын болады" - делінген ИДМ-нің баспасөз хабарламасында.

Бүгінгі таңда геохимиялық зерхананы құру бойынша геохимия саласында кең ауқымды зертханалық спектрге ие әлемдегі жетекші компаниялардың бірі австралиялық «ALS» компаниясымен келісімдер жасалды. Бұл компанияның әлемнің 44 елінде сынама дайындау және сараптамалық зертханасы бар және халықаралық стандартқа сай келетін тиісті сертификатқа ие. Сондықтан, бірлескен кәсіпорын құру жөніндегі жағдайлар бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Жоба аясында Қарағанды қаласынан халықаралық акредитациямен коммерциялық бағыттағы геохимиялық зертхана құру жоспарлануда. Зертхананың қуаты жылына 250,000 сынама болады. Зертханада элементтердің негізгі түрлеріне спектрлік жартылай сандық талдау, сынамалық талдау және зертханалық сынама дайындау болжануда.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады