BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.26 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Ақтөбе облысында құны 21 млрд. теңгелік газ өңдейтін зауыт салынады

деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында Байғанин ауданының әкімі Жандарбек Жаңабай хабарлады.

Оның айтуынша Байғанин ауданындағы Қожасай кен орнында газды кешенді әзірлеу қондырғысының құрылысы жүргізілуде, оны «Gas Proсessing Company» ЖШС жүзеге асыруда.

«Жаңа қондырғы ілеспе газды өңдеуді арттырып, өнімнің жаңа түрлерін игеруге мүмкіндік береді. Қуаты жыл сайын 300 млн. м3 бензиннен тазартылған құрғақ газ, 37 мың тонна пропан-бутан техникалық қоспасын, 5400 т газ конденсатын және 10 500 т күкірт құрайды. Ілеспе газ жандырылмайтын болғандықтан, жаңа зауыт, тұтастай алғанда, облыс экологиясын жақсартады. Газды кешенді әзірлеу қондырғысының құрылысы ағымдағы жылы аяқталады», - деді Жандарбек Жаңабай.

Қазіргі уақытта объекті құрылысына 450 адам тартылған, пайдалану мерзімінде 258 жұмыс орны ашылатын болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер