BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

"7-20-25" бағдарламасын жалған жарнамаға пайдаланатындар көбейді

Ғаламтор мен әлеуметтік желілерде құрылыс компаниялары мен тұрғын үй кооперативтерінің "7-20-25" бағдарламасының атын жамылған қитұрқы ақпараттары көбейіп барады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Баспана» Ипотекалық Ұйымының мәліметтеріне қарағанда, 0-20-25, 5-19-25, 5-10-25 сынды түрлі акциялар пайда болды. Алайда олардың шарттары "7-20-25" бағдарламасының шарттарына мүлдем сәйкес келмейді. Олардың "7-20-25" бағдарламасына еш қатысы жоқ.

«Мысалы, 25 - жылына берілетін несие емес, 25 айға ғана созылған несие болу мүмкін. Сонымен қатар, кей кездері мұндай акцияларда 20 саны алғашқы жарна емес, несие бойынша үстеме мөлшерлемесі болып шығады» - деп жазылған ұйым ескертпесінде.

"Баспана" Ипотекалық ұйымы, кейін түрлі түсініспеушіліктер туындамау үшін, халықты мұндай акциялар мен жарнамаға өте сақ болуға шақырады.

«7-20-25" бағдарламасы бойынша ипотекалық несиені тек қана бағдарламаның серіктес-банктері бере алатынын еске саламыз. Қазіргі таңда, олар: Центркредит банкі, АТФБанк, Цеснабанк, Bank RBK мен Евразиялық банк. Ал құрылыс компаниясы немесе тұрғын үй кооперативтері еш уақытта "7-20-25" бағдарламасымен несие бере алмайды» - дейді мамандар.

Сонымен бірге, ұйым мүшелері құрылыс компаниясы ұсынған бөліп төлеу "7-20-25" бағдарламасына жатпайдытынын да естеріңізге салады.

"Бүгінгі таңда "7-20-25" бағдарламасының шарттары нарықтағы ең тиімді ұсыныс болып отыр. Тиісінше, осы нарықтағы түрлі компаниялардың президенттік бағдарламаның атын жамылып, өз өнімдерін өткізуге ұмтылатындары да байқалады. Біз нарықтың дамуын қолдаймыз, алайда олай халықты алдауға түбегейлі қарсымыз", - дейді "Баспана" Ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат Алтынбеков.

"Баспана" Ипотекалық ұйымы мамандары, үй бағасы мен несие мерзіміне сәйкес, ай сайынғы төлемдердің кестесін әзірлеген. Төменде сол кестені ұсынып отырмыз.

Несие мерзімі

Үй бағасы

5 жыл

10 жыл

15 жыл

20 жыл

25 жыл

5 млн. тг.

Ай сайынғы төлем

79 205 тг.

Ай сайынғы төлем

46 443 тг.

Ай сайынғы төлем

35 953 тг.

Ай сайынғы төлем

31 012 тг.

Ай сайынғы төлем

28 271 тг.

10 млн. тг.

Ай сайынғы төлем 158 410 тг.

Ай сайынғы төлем

92 887 тг.

Ай сайынғы төлем 71 906 тг.

Ай сайынғы төлем 62 024 тг.

Ай сайынғы төлем 56 542 тг.

15 млн. тг.

Ай сайынғы төлем 237 614 тг.

Ай сайынғы төлем 139 330 тг.

Ай сайынғы төлем 107 859 тг.

Ай сайынғы төлем 93 036 тг.

Ай сайынғы төлем 84 814 тг.

20 млн. тг.

Ай сайынғы төлем 316 819 тг.

Ай сайынғы төлем 185 774 тг.

Ай сайынғы төлем 143 813 тг.

Ай сайынғы төлем 124 048 тг.

Ай сайынғы төлем 113 085 тг.

25 млн. тг.

Ай сайынғы төлем 396 024 тг.

Ай сайынғы төлем 232 217 тг.

Ай сайынғы төлем

179 766 тг.

Ай сайынғы төлем 155 060 тг.

Ай сайынғы төлем

141 356 тг.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер