BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.63
Астана:

ЭКСПО-2017: Көрменің соңғы күні қалай өтті?

Фото: Абзал Қалиев

Бүгін ЭКСПО-2017 көрмесі ресми түрде жабылады. Астана тұрғындары мен қала қонақтары көрменің соңғы күнінде де толастаған жоқ, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

93 күнге созылған ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі бүгін ресми түрде өз жұмысын аяқтайды. Қала тұрғындары мен қонақтары көрменің соңғы күнінде де көптеп келді. Олар халықаралық павильондарды тамашалап қана қоймай, сонымен бірге Африка плазасы, Жібек жолы павильонында қызу сауда жасады.

Жабылу салтанатының концерттік бағдарламасы 20:00-ге дейін болады. Ресми бөлім 20:00-де басталады. Содан соң МузАрт, Майра Мұхамедқызы, Жәмилә Серкебаева секілді өнер қайраткерлерінің қатысуымен концерттік бағдарлама қайта жалғасады.

Еске сала кетейік, бүгін ЭКСПО-2017 көрмесі түнгі 3:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал бұған дейін көрмедегі павильондардың жабылып жатқандығы туралы хабарлағанбыз.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер