USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

EXPO-2017 көрмесінің ашылу салтанаты қашан өтетіні белгілі болды

EXPO-2017 көрмесінің ашылу салтанаты қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Астана ЭКСПО-2017» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, көрменің ашылу салтанаты 2017 жылдың 9 маусымында өтеді.

«Көрменің ашылу салтанаты 2017 жылдың 9 маусымына жоспарланған. Іс-шара көрме аумағында өткізіледі», - делінген компанияның редакция жолдаған сауалына берген жауабында.

Сондай-ақ, компанияның баспасөз қызметіндегілер салтанатты шараның ашылу мен жабылу кешіне билеттердің қанша тұратыны әзірше белгіленбегенін мәлімдеді. Айта кетейік, көрме кезінде Геннадий Головкиннің бокс кеші өтуі мүмкін.

Осы жылдың 10 маусымынан бастап EXPO-2017 көрмесінің билеттері сатылымға шыққан болатын. Билеттерді tickets.expo2017astana.com сайтынан сатып алуға болады. Сайттағы мәліметтерге қарағанда, билет бағасы - 6 мың теңге, ал демалыс күндері билеттердің бағасы 8 мың теңге болады.

Еске сала кетейік, EXPO-2017 көрмесі Астанада 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында өтеді.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады