BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 341.18 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.97 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.34
Астана:

Елордада «ЕХРО-2017» тақырыбына арналған кітап көрмесі ашылды

Ұлттық академиялық кітапханада «ЕХРО-2017 – болашақтың қуаты» деген атаумен үздік кітаптар көрмесі ашылды.

Көрме сөрелеріне 400-ден астам туынды қойылған. Онда оқырмандар халықаралық көрмелердің шежіресімен таныса алады. Сондай-ақ Қазақ елінің тарихы мен салт-дәстүрінен сыр шертетін кітаптар оқырман назарына ұсынылды. Осы арқылы қала тұрғындары мен қонақтары елімізде өтетін шараның маңыздылығына мән береді дейді ұйымдастырушылар.

«Бұл кітап экспозициясы 4 бөлімнен тұрады. Онда ЕХРО хранологиясы, тарихы және Қазақстан мен ЕХРО-ның байланысы туралы. ҚР Ұлттық кітапханасының осы көрмеге арнаған жобалары бар. Сондай-ақ кітапханада сирек қорлар мен қолжазбалар орталығын құру жоспарда бар», - дейді ақпараттық-мәдени бағдарламалар қызметінің жетекшісі Айнагүл Мұратбекова.

Хабар24

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер