BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

ЭКСПО-ны тамашалауға облыстардан 75 мыңнан астам оқушы келді

2017 жылдың 10 маусымы мен қыркүйегі аралығында «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалауға облыстардан 77 894 оқушы және жетекші келген. Бұл жоспарлаған саннан екі есе асып түскен, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Айта кететін болсақ, Астана қаласы әкімдігі ұйымдастырған жоба аясында қалаға 40 мыңға жуық оқушы мен жетекші келеді деп жоспарланған болатын. Жас қонақтар үшін екі күндік арнайы бағдарлама қарастырылды: бірінші күні елорданың әсем жерлерімен танысып, келесі күні ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін аралады.

Әр өңірдің делегациясына Астананың Білім беру басқармасы тарапынан жауапты тұлғалар белгіленіп, әр аймақ тарапынан балаларға жауапты мұғалімдер мен медицина кызметкерлерi карастырылды.
Қонақтар қаладағы білім беру ұйымдарының жатақханаларына орналастырылып, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

«Біріншіден, халықаралық, жоғары деңгейдегі өткен бұл іс-шара балаларға әлемде болып жатқан өзгерістерден хабардар болуға мүмкіндік берді. Екіншіден, жастарымыз еріктілер қызметін атқарып, тәжірибе жинады. Тіл және коммуникативті дағдыларын дамытып, біліктілігін арттырады. Үшіншіден, балаларымыздың ойында жаңа жобалардың идеялары пайда болып, келешекте олар қаламыздың, еліміздің дамуына өз септігін тигізеді деп ойлаймын»,- дейді Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Ануар Жанғозин.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер