BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.65 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 393.33 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.67
Астана:

ЭКСПО-2017: БАҚ беттерінде 250 мың материал жарық көрді

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында қазақстандық және шетелдік БАҚ-та 250 мың материал жарық көрді. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017 ҰК» АҚ халықаралық қатысушылармен жұмыс департаментінің директоры Илья Оразақов «ЭКСПО 2017. Жасыл экономиканың келешегі» атты конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Бүгін Астанадағы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтында Астана Экспо-2017» халықаралық көрме жұмысының алғашқы қорытындылары жасалды.

«ЭКСПО-2017 аумағы жаңа шағын ауданға айналды. Себебі жұмсалған 1,3 млрд доллардың 95%-ы инфрақұрылымға құйылды. ЭКСПО-2017 көрмесі туралы БАҚ-та 250 мың жарияланды. Жарты миллиард адам көрме туралы көрді, естіді, оқыды. Туризмнен бастап инвестициялық қызығушылық артты», - деді Илья Оразақов.

Сонымен бірге ол ЭКСПО-2017 көрмесінің сәтті өтуіне атсалысқан жастарға ерекше алғысын білдірді.

«ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуде жастардың көп болуы халықаралық жобаны кеңейтіп, күшін нығайта түсті. Еріктілер, менеджерлер, стендистер мектебі қалыптасты. Кемінде үш тіл білетін жастар, студенттер осы салада өз үлестерін өлшеусіз қосты. Олар көрме қонақтарына сыпайылық көрсетіп, қазақтың қонақжайлылығын танытты. 10-15 жылда бұл жастар жақсы нәтиже көрсетеді, қазірдің өзінде халықаралық шараларда жұмыс істеуге дайын», - деді ол.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер