BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

ЭКСПО-2017: Астанаға үш айда 53 елдің басшылары келді

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында өткен ресми шараларға 53 елдің басшылары мен 72 премьер-министр келген. Бұл туралы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаев «ЭКСПО 2017. Жасыл экономиканың келешегі» атты конференцияда мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бүгін Астанадағы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтында «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрме жұмысының алғашқы қорытындылары жасалды.

«Ең әуелі, Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесінің табысты өтуімен құттықтаймын. Көрмеге 115 ел мен 25 халықаралық ұйым қатысқанын білесіздер. Үш ай бойы халықаралық көрме аясында өткен 105 ресми шараға 53 елдің басшылары мен 72 премьер-министр, 20 Парламент спикерлері қатысты», - деп мәлімдеді Рәпіл Жошыбаев.

Оның сөзінше, ЭКСПО-2017 Қазақстанның ғана емес, әлемдік қауымдастықтың жаңаратын энергия саласындағы қауқарын көрсеткен ауқымды шара болды.

«Елбасы 2007 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-сессиясында ХХІ ғасырда жаһандық энергияны тұрақты дамытуды, 2012 жылы ҚР БҰҰ конференциясында «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын ұсынған болатын. Осы орайда әлемдік қауымдастықта белсенді түрде жасыл экономика саласын дамыту жолында бірқатар шара қабылданып отыр. ЭКСПО-2017 базасында Елбасы тапсырмасымен халықаралық стартап технопаркі, Халықаралық қаржы орталығы және БҰҰ-мен бірлескен әлеуметтік жоба – жасыл технология орталығы құрылады», - деп атап өтті Р.Жошыбаев.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер