BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.63
Астана:

Астанада ЭКСПО-2017 көрмесінің жабылуы құрметіне отшашу болды

Фото: Бауыржан Жуасбаев

ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми жабылуы құрметіне орай көрме аумағында 9 минут бойы отшашу болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Отшашу сағат 20:55-те басталды. Көрмені ұйымдастырушылардың айтуынша, отшашудың мұндай бірегей элементтері бұған дейін еш жерде қолданылмаған.

Мерекелік отшашудан кейін ЭКСПО амфитеатрының сахнасында қазақстандық әншілер концерт қояды.

Айта кетейік, Астанадағы ЭКСПО-ның соңғы күндері көрмеге келушілердің саны күрт өсіп, үлкен кезек пайда болды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер