BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Жыл басынан бері елімізде жанар-жағармай тапшылығы жоқ — Бозымбаев

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев бүгінгі Үкімет отырысында жыл басынан бүгінге дейін мұнай өнімдері нарығында жағдай тұрақты және жанар-жағармай тапшылығы байқалмайтынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«2018 жылдың 4 айының ішінде отын энергетикасы саласының негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамикасы жалғасуда. Мұнай және конденсат өндіру көлемі 29 млн 900 мың тоннаны құрады, яғни 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6%-ке өсім көрсетті. Соның ішінде үш ірі жоба бойынша мұнай өңдіру көлемі 17,9 млн тонна құрады: Қашағанда 3,8 млн тонна, Теңізде 9,9 млн тонна, Қарашығанақта 4,2 млн тонна. Мұнай экспорты көлемі 24,1 млн тоннаны құрады. Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен қарағанда 4,3%-ке ұлғайды. Мұндай өңдеу көлемі 5 млн 100 мың тонаны құрады, былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 12%-ке өсім көрсетті. Үш мұнай өңдеу зауыты 3 млн 600 мың тонна көлемінде мұнай өнімдерін шығарды. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 7%-ке жоғары», - деді Бозымбаев Үкімет отырысында.

Оның айтуынша елімізде жыл басынан бүгінге дейін мұнай өнімдері нарығында жағдай тұрақты және жанар-жағармай тапшылығы байқалмайды.

«Ішкі нарықта қажет ететін жанар-жағармай резервтерінің көлемі шамамен 1 айлық қоры 338 мың тонна бензин, 282 мың тонна дизель отынды құрайды. Көктемгі егіске дизель отынын жеткізуге арналған кестесі бойынша ауыл шаруашылығына 375 мың тонна, оның ішінде Атырау зауыты арқылы 92 мың тонна, Павлодар зауыты арқылы 195 мың тонна, Шымкент зауыты арқылы 87 мың тонна көлемінде дизель отыны жеткізілді. Сонымен қатар дизель отынын жөнелту жоспарының орындалуы наурыз айында 100%-ке жақын болды, ал сәуірде 91% құрады. Жалпы, Ауыл шаруашылығы министрлігі тапсырысына сәйкес дизель отының қажеттілігі толық көлемде орындалуда», - деді министр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер