BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Жыл басынан бері бюджетке 6 трлн теңге түскен

2018 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында еліміздің мемлекеттік бюджетіне түскен салық түсімі 6 трлн теңгені құраған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі LS басылымына сілтеме жасап.

2017 жылдың осы аралығымен (4,9 трлн теңге) салыстырғанда төленген салық мөлшері 18,5% өскен.

Көрсетілген уақыт аралығында Алматы 1,3 трлн теңге, Атырау облысы – 947 млрд, ал Астана – 766,1 млрд теңге төлеген.

Қарағанды облысы ел бюджетіне 299,8 млрд теңге құйса, Маңғыстау облысы – 292,3 млрд, Алматы облысы – 278,3 млрд, Ақтөбе облысы – 270,4 млрд, ШҚО-220,2 млрд, БҚО-212,7 млрд, Павлодар облысы – 203,5 млрд теңгенің салығын төлеген.

Түркістан облысы тоғыз айда 202,8 млрд теңге төлеген. Шымкент қаласы (қыркүйек) – 129,9 млрд, Ақмола облысы – 115 млрд, Қостанай облысы – 117,6 млрд, Қызылорда облысы – 98,3 млрд, Жамбыл облысы – 62,1 млрд, СҚО – 57,6 млрд теңге төлеген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер