BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Жамбыл облысында 3 мың мемлекеттік қызметшінің жалақысы өседі

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысында әкімшілік шығындарды қысқарту, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, басшылық құрамды азайту арқылы 2842 мемлекеттік қызметшінің жалақысы өсетін болатды. Бұл туралы газ өңір басшысы Асқар Мырзахметов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Өңірде «Ішкі істер органдарының жұмысын оңтайландыру мақсатында департаменттің 300-ге жуық қызметкері қысқартылып, үнемдеген қаржы жалақыны көбейтуге және басқа да әлеуметтік мәселелерін шешуге жіберіледі.

«Мемлекеттік органдарға жалақы төлеудің жаңа моделін енгізу аясында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап төменгі және орта буындағы қызметкерлердің жалақысы 2 - 2,5 есеге көтеріледі. Ол үшін облыста әкімшілік шығындарды қысқарту, бөлімдерді біріктіру арқылы басшылық құрамды азайту, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, ведомствалық бағыныстағы мекемелерді оңтайландыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде, облыста 2842 мемлекеттік қызметшінің жалақысы өседі», - деді облыс әкімі Асқар Мырзахметов.

Оның айтуынша, осы мақсатта 3,1 млрд теңге жұмсалады.

Сондай-ақ, өңірде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында 2019 жылы мемлекеттік қызметтердің кемінде 80% электронды түрде көрсетілетін болады. Бүгінгі күні лицензиялаудың барлық түрлері, рұқсат беру және хабарлама құжаттары «е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде көрсетілуде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер