BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 345.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 401.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

Үндістан Оңтүстік Қазақстан экономикасына инвестиция салады

Фото: m.forbes.kz

Ұлы Жібек Жолы елдерімен байланысты кеңейту және ынтымақтастық орнату, сондай-ақ іскерлік мүмкіндіктер мен инвестицияларды зерттеу мақсатында «ОҢТҮСТІК» АИО сарапшысы, академик, тарих ғылымдарының докторы, профессор Саттар Мәжитов жұмыс сапарымен Үндістанға барып қайтты. Іскерлік кеңестің жұмысына экономиканың әртүрлі салаларында жұмыс істейтін 30-дан астам қазақстандық компания өкілдері және қазақстандық серіктестермен сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды орнатуға мүдделі 100-ден астам Үндістан компаниялары қатысты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапардың негізгі мақсаты – ынтымақтастықты нығайту және Үндістанның экономикалық маңызы бар объектілерін аралау, Қазақстан-Үндістан іскерлік кеңесінің отырысына, сондай-ақ «Ауыл шаруашылық сақтандыруды жеделдету» атты Ұлттық конференцияға қатысу болатын.

Іскерлік кеңестің жұмысына экономиканың әртүрлі саласында жұмыс істейтін 30-дан астам қазақстандық компания өкілдері және қазақстандық серіктестермен сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды орнатуға мүдделі 100-ден астам Үндістан компаниясы қатысты.

Іскерлік кеңес отырысы барысында екі ел кәсіпорындарының өкілдері B2B кездесулерін өткізіп, ақпарат алмасып, ынтымақтастықтың келешегі талқыланды. Нәтижесінде әртүрлі салалардағы компаниялар арасындағы ынтымақтастықтың бастауы бойынша бірқатар алдын ала келісімдерге қол жеткізілді.

Іскерлік кеңестің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасы арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық туралы жаңартылған «Жол картасы», соның ішінде көптеген жаңа келешегі зор жобалар қабылданды.

Келесі кездесу Escorts Agri Machinery компаниясының Халықаралық бизнес бойынша менеджері Миттил Кумармен өткізілді. Кездесу барысында Саттар Фазылұлы сапарының мақсаттары, Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасы туралы және «ОҢТҮСТІК» АИО қызметі туралы егжей-тегжейлі тоқталды.

Миттил Кумар мырза бұрын да біздің облысымызда болғандығы және өңірдің артықшылықтарын білетіндігі себепті, ОҚО экономикасына инвестиция салуға дайын екендігін білдірді. Сондай-ақ, Escorts Agri Machinery Орталық Азия аймағының жағдайларына бейімделген ауылшаруашылық техникасын өндіретін бірлескен Қазақ-Үнді кәсіпорнын құруға дайын екендігін жеткізді.

Сапар соңы «Ауыл шаруашылығын сақтандыруды жеделдету» атты Ұлттық конференциямен жалғасты.

Іссапар аясында Оңтүстік Қазақстан облысында қазақстандық-үндістандық тарихи-мәдени байланыстарды жүзеге асыру саласындағы ғылыми ынтымақтастық туралы Орталық Азиядағы сарапшылармен кездесулер мен келіссөздер жүргізілді. Алдағы уақытта Үндістан Республикасы өкілдерінің Оңтүстік Қазақстан облысына келуі және аймақ жобаларының жаңа бағыттарына инвестиция салу жоспарлануда.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер