BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 372.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

ҰЭМ халыққа шағын несие беруді көбейту қалай жүзеге асырылатынын түсіндірді

Фото: Атамекен

Бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Президенттің бес әлеуметтік бастамасы аясында халыққа шағын несие беруді көбейту мәселесі қалай жүзеге асырылатынын түсіндірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Ұлттық экономика министрі Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың қарауына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған Президенттің бес әлеуметтік бастамасын іске асыру жөніндегі жол картасы жобасын ұсынды.

Осы орайда министр елімізде тұрғындырға берілетін шағын несиенің үлесі қалай артатынына тоқталды.

«Аталған бастамаға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауап береді. Осы бағыт бойынша мамыр айында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» атты 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына түзетулер енгізу жоспарланып отыр. Өзгерістер қалалар мен ауылдық жерлерге микрокредит беруді қаржыландыруды ұлғайтуға және кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге бағытталады. Ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындары айналасында кооперациялар жөніндегі жобаларды жүзеге асыру үшін кредит беру тетіктері әзірленеді», - деді Тимур Сүлейменов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер