USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Төмен байытылған уран сақтайтын қойма құрылысы 2017 жылы аяқталады

Үлбі металлургиялық зауытындағы төмен байытылған уран сақтайтын қойманың құрылысы 2017 жылдың мамыр айында аяқталады. Бұл туралы Мәжілістің комитет отырысында белгілі болды.

Ал қыркүйекте Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік қойманың дайындығын бағалап, қорытындысын беруі тиіс. Комитет төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімді бекіту заң жобасын жан-жақты талқылады. Алдын ала болжам бойынша банкте 90 тонна төмен байытылыған уран сақталады.

«Жобаны жүзеге асыру Қазақстанда ядролық энергетиканың, осы саладағы ғылыми-техникалық базаның дамуына оң әсерін береді», - дейді мамандар.

Бақытжан Жақсалиев, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:

- Бұл 90 тоннаның барлығын Қазақстаннан, яғни өз ішімізден де алуы мүмкін. Бірақ, ол байқауға байланысты. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік тасымалдаушыны байқау арқылы анықтайды. Экологияға ешқандай зиян келмейді. Бұл саладағы тәжірибеміз 40 жылдан асады. Сондықтан бәрі талапқа сай болады деп сендіре аламын.

Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Біздің мемлекетіміз үшін, қоғам үшін, біздің табиғатымыз үшін, біздің әлеумет үшін бұның ешқандай зияны жоқтығына қазір тек қана мамандар емес, қоғам өкілдері толық көз жеткізіп отыр. Мен өзім де ұсынылған заң жобасын бәрін білем, оны жариялау керек.

Төмен байытылған уран банкін құру агенттік бюджетіне ауыртпалық түсірмейді. Ерікті жарналар есебінен банктің кемі 10 жыл жұмыс істеуіне жететін 150 млн АҚШ доллары бөлінген. Сарапшылар да бұл бастаманы қолдап отыр. Енді қарашаның басында заң жобасы Мәжілісте қаралады.
Хабар 24.kz

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады