BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.98 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 428.7 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.64
Астана:

СҚО-да астық тасымалдайтын вагондар тапшылығы жоқ - ҚТЖ

«ҚТЖ» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі Руслан Иманқұлов БАҚ-та тараған Солтүстік Қазақстан облысында астық тасымалдайтын ваогндар тапшы деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Кеше ғана кейбір БАҚ-та Солтүстік Қазақстан облысында вагондар тапшылығы байқалып тұр деген мәлімет шыққан болатын. Бұл сұрақ бойынша арнайы штабтың отырысы өткізілді. Штабта арнайы шаралар қабылданды. Таңертең алынған хат бойынша СҚО әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының жетекшісің мәліметінше, вагон тапшылығы жоқ, вагондармен 100 пайыз қамтамасыз етілген. Сонда да қандай жағдай болсын жүйелі жұмыс істеп, қандай да мәселе болса жедел шешуге тырысамыз», - деді Иманқұлов.

Ол мұндай жағдай Қарағанды облысында да туындап отыр деген ақпаратты жоққа шығарды.

«Қарағанды облысында да СҚО-дағыдай жағдай деген ақпарат шықты. Былтыр туындаған осындай мәселеге жүк жеткізушілер биыл да тап боламыз ба деп алаңдайды. Мұндай мәселелерді болдырмау үшін шаралар қабылдап жатырмыз. Қарағанды облысында мұндай жағдай жоқ. Жүк жеткізушілердің қандай да бір проблема туындау мүмкін деп алаңдауы дұрыс. Олармен кездесу өткіздік. Қажетті вагондар жеткілікті», - деп сендірді «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер