BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 365.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Шымкент пен Түркістанда тұрғын үй қымбаттады

Фото: ашық дереккөзден

2018 жылдың шілде айында Шымкентте екінші нарықтағы тұрғын үйдің бағасы 1 шаршы метріне 169,8 мың теңгені құрады, бұл маусым айындағы көрсеткіштен 2,1% жоғары, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі жергілікті Статистика демартаментіне сілтеме жасап.

Жыл басынан бері жаңа мегополистегі баға 2,9% қымбаттаған.

Түркістанда 1 шаршы метрдің құны 136,5 мың теңгені құрады, бұл жыл басынан бергі көрсеткіштен 0,5% жоғары.

Осы ретте, Шымкентте тұрғын үй бағасы бір айда шаршы метріне 4,9% немесе 1,2 мың теңгеге дейін, ал жыл басынан бері 6,4% қымбаттады. Сонымен қатар, Түркістанда пәтердің жалдау ақысы 5,9% өсті.

Алайда Шымкентте жаңадан салынған үйлердің бағасы өзгермеді, керісінше жыл басынан бері 0,3% арзандады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер