USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

Салық салуға қатысты 234 заң жобасына өзгеріс енгізілмек

ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Парламент Мәжілісінде «Салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Қазіргі кезде 234 заң жобасына өзгеріс енгізіледі. Оның 207-сі салықтық әкімшілікке, ал қалған 27-сі салық саясатына қатысты. Қосылған құн салығы бойынша есепке қою мақсатында қолданыстағы ең төмен шекті мәнді (30 мың айлық есептік көрсеткіш) кезең-кезеңімен жүзеге асыруды 2020 жылға қарай 15 000 айлық есептік көрсеткішке дейін (31,8 млн теңге) төмендетуді ұсынамын», -дейді Қуандық Бишімбаев.

Министр сонымен қатар Салық кодексінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті қою жөніндегі норманы қалпына келтіруді ұсынды.

«Отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді қолдау үшін бұдан бұрын пайдаланылған активтерді сататын шаруа қожалықтарының бірыңғай жер салығын қолдау құқығын сақтау қажет. Сондай-ақ импортталған асыл тұқымды малдар өлген және мәжбүрлі сойылған кезде табиғи кему нормативтері шегінде қосылған құн салығы бойынша тарату көзделген», -деп түйіндеді Қуандық Уәлиxанұлы.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады