BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.98 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 428.7 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.64
Астана:

Ресейден Қазақстанға 80 тонна пияз қайтарылды

Қазақстаннан Ресейдің Новосібір облысына төрт рет заңсыз пияз алып өту фактісіне тосқауыл қойылды. Ұсталған жүктің жалпы салмағы 80 тонна, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Россельхознадзордың облыстық басқармасына сілтеме жасап.

Соңғы жағдай өткен жексенбіде орын алды. Қазақстан Республикасынан Новосібір облысының аумағына болашақта Краснояр қаласында сатып жіберу үшін 20 тонна пиязды заңсыз алып өту фактісі тіркелген.

«Жүргізілген тексеріс жұмыстарының нәтижесінде өнім қаптамасының сыртында арнайы таңбаның жоқтығы, өнімнің атауы, қай елден екені, экспорттаушы немесе реэкспорттаушының көрсетілмегені анықталған», - делінген Россельхознадзордың хабарламасында.

Карантиндік заңнамаға сәйкес Ресей Федерациясының аумағына фитосанитарлық тәуекелі жоғары өнімді алып келуге тыйым салынған. Жүк Қазақстан Республикасындағы жөнелтушіге қайтарылды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ресейден Қазақстанға шамамен бір тонна қауіпті шұжықты алып өту жағдайы алды алынды деп хабарлаған болатынбыз. Ветеринарлық-санитарлық қатынастағы өнімнің қауіпсіздігін растайтын ветеринарлық жолдама құжаты болмағандықтан Қазақстан Республикасының Жетіқара қаласына Челябинск қаласынан 862 кг шұжықты жөнелтуге тыйым салынды. Бұл жағдай 12 сәуірде орын алған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер