BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 327.42 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 383.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.29
Астана:

ОПЕК Brent-ке жаңа үш жылдық рекорд орнатуға көмектесті

Фото: ашық дереккөзден

2018 жылдың сәуірінде экспорттаушылар ұйымына (ОПЕК) қатысушы-елдер мұнай өндірісін тәулігіне 12,1 мың баррельге дейін және күніне 31,93 млн баррельге дейін арттырды. Бұл туралы ұйымның ай сайынғы есебінде айтылған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Сонымен, картель өндіріс көлемін қысқарту туралы келісімді шамамен 163%-ға орындады.

Құжатта атап көрсетілгендей, жеткізілімдер көлемінің артуы Сауд Арабия мен Алжирде тіркелді. Алайда, оның орны Венесуэла, Габон мен Нигерияда өндіріс көлемінің шамалап азаюымен толтырылды.

Осы ретте, әлемде мұнайға деген сұраныс тәулігіне 20 мың баррельге арттырылып, тәулігіне 1,65 млн баррельге жетті.

Ал, ОПЕК-ке кірмейтіндерге келетін болсақ болжам өзгеріссіз қалып отыр: 2018 жылы олардың тарапынан өндіріс көлемі тәулігіне 1,7 млн баррельге дейін артады. Оның ішінде АҚШ-қа 89% тиесілі болса, қалғаны Канада, Бразилия, Ұлыбритания мен Қазақстан еншісінде. Мұнда өндіріс көлемі тәулігіне 80 мың баррельге дейін артады.

Сонымен қатар, есепке сәйкес Қазақстанда 2018 жылдың наурызында шикізат өндірісі тәулігіне 14 мың баррельге азайып, күніне 1,56 баррельге дейін төмендеді. Жалпы, мемлекет төрт айдың қорытындысы бойынша орташа есеппен мемлекет күніне 1,8 млн баррель өндіре бастады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда тәулігіне 70 мың баррельге артық.

ОПЕК-тің пайымынша, 2018 жылы Қазақстанда өндіріс көлемі күніне 1,81 млн баррельді құрайды деп күтілуде. Өсім Қашаған кенорны есебінен болады деп күтілуде, онда өндіріс көлемі болжамға сай тәулігіне 270 мың баррельге жететін болады.

Айта кетейік, ОПЕК есебі жарияланғаннан кейін 2014 жылдың қарашасынан бері алғаш рет Brent бағасы барреліне 78 доллардан асып жығылды. Сағат 9:23 қара алтынның маусымдық фьючерстері барреліне 78,27 доллардан сатылып жатты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер